AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.32
471.45
EUR 0.04
547.21
RUB 0.03
6.63
CNY 0.04
69.31

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

a45834751735757fd86d-1392x781
Фото: dimashnews.com

Бангладешке жасаған іссапары барысында, Халықаралық көші-қон ұйымының (МОМ) жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушыларға арналған лагерлердің жұмысымен танысып, үндеу жариялады, деп хабарлайды Ait media. Ол адамдардың өмір тарихын тыңдап, олардың қиын жағдайларына терең үңіліп, туған жерін тастап кетуге мәжбүр болған отбасылардың тағдырына куә болды.

Сол жерде, Кокс-Базардағы лагерьлердің бірінде Димаш Құдайберген бейнеүндеу жазды.

Оның үндеуі төмендегідей:

«Қазіргі уақытта мен әлемдегі ең ірі мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар лагері орналасқан Кокс-Базардамын.

Мен мұнда Халықаралық көші-қон ұйымы мен оның серіктестерінің рохинджа мәжбүрлі қоныс аударушылары мен қабылдаушы қауымдастықтарға көрсетіп жатқан ауқымды көмегінің куәсі болдым. Бұл қолдау арқылы қауіпсіз баспана және күнделікті қажетті заттар, соның ішінде тамақ әзірлеуге арналған таза отын, медициналық және психологиялық көмек көрсетуге дейінгі кешенді шаралар қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ мен ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелердің, әке мен шешенің және сәбилердің жүрек сыздатар тағдырларымен таныстым. Олардың ең үлкендері өз үйлерін бірнеше мәрте тастап кетуге мәжбүр болса, ал ең кішкентайлары дәл осы Кокс-Базарда дүниеге келген.

Менің бұл жерден жолдайтын үндеуім қарапайым: ынтымақтастық, қолдау және мәселені шешу. Рохинджа мәжбүрлі қоныс аударушыларын еш естен шығармайық!»

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.