USD 0.00
450.91
EUR 0.00
522.69
RUB 0.00
5.33
CNY 0.00
67.22
Жаңалықтар

Депутаттық сауалдың тағдыры «жауап берілді» деген хатпен шешілмейді

site_35
Фото: Ait Media

Жаңа Регламент бойынша депутаттық сауал министрліктің «жауап берілді» деген хатымен ғана шектелмей, нақты орындалуы да бақылана ма? Бұл сұраққа Құрылтай депутаты Үнзила Шапақ жауап берді, деп хабарлайды Ait Media.

Оның айтуынша, депутаттық сауал алдымен фракция ішінде жан-жақты зерделенеді. Көтерілген мәселе талданып, Үкіметке жолданғаннан кейін оның әрі қарай қалай шешіліп жатқанына да назар аударылады.

«Депутаттық сауал - Құрылтайдың бақылауын күшейтетін бір механизм», - деді Үнзила Шапақ. Оның сөзінше, бұл конституциялық құралды әр фракция мен депутат өзекті мәселелерді шешу үшін тиімді пайдалануы керек.

Поделиться