Депутаттардың жалақысын көтеру 2028 жылғы бюджетте қарастырылмаған
2028 жылғы бюджетте депутаттардың жалақысын көтеруге қатысты арнайы жоспар қарастырылмаған. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев мәлімдеді, деп хабарлайды AIT Media.
Қазақстанда бюджет шығыстарының жекелеген түрлеріне қатысты мораторий 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Осыған байланысты журналистер мораторий мерзімі аяқталғаннан кейін депутаттардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр ма және бұл мақсатқа бюджеттен қаражат қарастырыла ма деген сауал қойды.
Мәди Тәкиевтің айтуынша, 2028 жылғы бюджетте депутаттардың жалақысын көтеруге қатысты мәселе нақты қарастырылмаған.
Сонымен қатар брифинг барысында мемлекеттік қызметшілердің 2028–2029 жылдардағы жалақысын көтеру мәселесі де қозғалды. Министрдің сөзінше, қазіргі уақытта тиісті есептеулер жүргізіліп жатыр. Алайда жалақының нақты қанша пайызға өсетіні әзірге белгісіз.
«Нақты пайызбен айта алмаймыз. Әлі есептеп жатырмыз», - деді Қаржы министрі.
Смотреть в Threads