AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Депутаттар амнистияға қатысты пікірлерін білдірді

2026-03-18 13.01.20
Фото: Aqorda

Мәжілістің жалпы отырысына дейінгі сұхбатта Абзал Құспан мен Олжас Куспеков амнистияға қатысты өз пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды Ait Media.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның қабылдануына арналған салтанатты іс-шарада әкімшілік амнистия енгізу жоспарланып отырғанын айтқан еді.

Президенттің сөзінше, бұл – ел тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия болмақ. Ол Парламентке тиісті заңды ағымдағы сессияның соңына дейін қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы бұл амнистия азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндірмейтін құқық бұзушылықтарға қатысты қолданылатынын атап өтті.

Сонымен қатар Тоқаев жаңа Конституцияны халық бірлігі мен елдің болашағына деген сенімнің символы деп атады.

Депутаттардың пікірінше, амнистия аясында қандай құқықбұзушылықтар қамтылатыны әлі де талқылануда.

Депутан Абзал Құспан мас күйінде жол жүргізуге қарастырылған заңның әсіре қатал деп есептейтінін айтты:

“Амнестияға тап бола алатын категориялардың бірі - бұрын өте қатаң қадағаланған, масаң күйде жол жүргізу. Бірақ, бұл амнестияға ілінеді ме екенді туралы нақты айту қиын. Заң бойынша 0.2 промилле - мастықтың белгісі болып табылады. Бұл норма ҚР ІІМ және Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен реттеледі. Сол бұйрық бойынша минималды шекті мүлдем алып тастауы ықтимал. Менің ойымша, бұл қате. Және жаза да қатаң - міндетті түрде қамауға алу және 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру.”

Олжас Куспеков өз кезегінде амнестияға қандай құқықбұзушылықтар түсетіндігі туралы жалпылама пікірін білдірді:

“Президенттің айтқанындай қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар ауыр емес және қоғамға ешқандай зияны жоқ болса, мысалға, адам өлімі, адам өміріне қатер дегендей қауіптер байқалмаса, ондай жағдайда амнестия қарастырылады.”

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.