AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Депутат Ерлан Саиров қандастарымыздың Қазақстанға оралу жолындағы қиындықтарды атады

Снимок экрана 2026-03-18 в 16.53.08
Фото: instagram.com/sairoverlan

Бүгін, 18 наурыз күні Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі сұхбатта депутат Ерлан Саиров қандастарымыздың елге оралу жолында кездесетін мәселелері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ait Media.

Оның айтуынша, шетелдегі қандастарымыздың Қазақстанға оралуы үшін бірнеше маңызды талаптар бар.

Депутат сөзін былай бастады:

“Этникалық қазақтардың Қазақстанға ешқандай кедергісіз келуге толық моральдық құқығы бар”. 

Ерлан Саировтың айтуынша, елге көшіп келу үшін азаматтың сотталмағандығы туралы анықтама және сол елден Қазақстанға келуге рұқсатқа қол жеткізуі шарт. 

“Бірақ ол үшін шешілуі керек үш мәселе бар. Біріншісі, сотталмағандығы туралы анықтама керек. Екіншісі - Қазақстанға сол елден келуге рұқсат керек”, — деп қосты Ерлан Саиров. 

Сонымен қатар, депутат қазақ әліппесінің білмеуінен туындайтын мәселені де атап өтті.

“Үшіншісі — қазақ тіліне тест тапсыру, себебі Қытайдан немесе Ауғанстаннан келіп жатқан қандастарымыз кейде кириллица әліппесін білмейді. Осы үш зат кейде қиындық тудырады, сондықтан үкіметпен осы мәселелерді жою туралы істер қарастырып жатырмыз”, — деп нақтылады депутат. 

Ерлан Саиров атап өткендей, осы үш мәселе кейде қиындық тудырады, сондықтан үкіметпен олардың шешілу жолдары қарастырылып жатыр.


Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.