USD 5.43
490.21
EUR 8.27
566.93
RUB 0.21
6.81
CNY 0.93
72.39

Бөлек тамақ ішіп отырған келіндердің видеосы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

pexels-lich-10969912
Фото: Pexels

Бөлек тамақ ішіп отырған келіндердің видеосы желіде сынға ұшырап, жұрт арасында қызу талқы тудырды. Алайда видео авторы жағдайдың мән-жайын түсіндіріп, бұл әулеттік кездесу кезіндегі сәт екенін жеткізді, деп хабарлайды Ait Media.

View on Threads

Видеодағы жағдайға қатысты автордың өзі түсініктеме берді. Ол бұл көрініс күнделікті өмір емес екенін, әулеттің кездесуінде түсірілген сәт екенін айтты. Сондай-ақ келіндердің палатканың артында асығыс тамақтанып отырғанын, іште шамамен 500-ге жуық адам болғандықтан көбіне үлкен кісілер мен қонақтарға қызмет көрсетілгенін жеткізді. Автор келін болған соң үлкендерге сәлем салып, бата алатынын, мұнда ерекше қиындық жоқ екенін де атап өтті. Сонымен қатар, ол видео біреуге ауыр көрінсе, жай ғана өткізіп жіберуге болатынын айтты.

Желіде бұл видеоға қатысты пікірлер екіге бөлінді. Бір тарап келіндердің шетте тамақтануын сынға алып, «500 адамға орын табылғанда 5 келінге орын болмады ма?» деген сияқты эмоциялық пікірлер жазып, мұны әділетсіздік ретінде бағаласа, екінші тарап керісінше мұндай көріністі қазақы дәстүр мен үлкендерге қызмет етудің қалыпты бөлігі деп қорғап, келіндердің еңбегі мен бірлігін ерекше атап өтуде.

Поделиться