AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Bayansulu тағы дауға қалды: композитор әндері үшін қаламақы алмағанын айтты

Дизайн без названия (18)
Фото: Instagram: @bayansuuluu, @kuat_abil

Қазақстандық композитор Қуат Әбіл әнші Bayansulu деген атпен танымал Баянсұлу Сағындықованы авторлық гонорар төлемеді деп айыптады, деп хабарлайды Ait Media.

Композитордың айтуынша, ол әншіге «Ұмытсам да», «Сондайым бар енді», «Ауа райы», «Күтемін», «Lalala» атты бес хит әнін жазып берген. Алайда осы еңбегі үшін ешқандай төлем алмаған.

«Баянсұлу алғаш келген кезде «Маған ақша керек емес, атым шықса болды» деп айтқан еді. Мен қолымнан келгенін жасадым, бес ән жаздым, бәрі хитке айналды. Енді, үлкен мәселе – менің әндеріме қаламақы төленбеді. Тегін жұмыс істедім, талап еткен қаламақымды төлеуден бас тартып отыр», – дейді Қуат Әбіл видеоүндеуінде.

Бұған дейін тараптар арасындағы түсініспеушілік салдарынан әншінің YouTube-арнасындағы бірнеше бейнебаяны бұғатталып, орындауға тыйым салынған болатын. Кейіннен уақытша келісім арқылы контент қайта жүктелген.

Даудың жаңа кезеңі Bayansulu продюсерлік орталығын ауыстырғаннан кейін басталды. Қуат Әбіл жаңа командадан авторлық гонорарын талап еткенімен, мәселені бейбіт шешудің орнына сотқа шақыру алған.

«Менің меншігімде бес балам, отбасым және әндерім ғана бар. Көмек сұрап келген кезде барымды салып, жақсы әндерімді бердім. Енді осылай сотқа шақырып жатыр. Әділдік қайда?» – дейді композитор.

Желіде оқырмандар комментарийлерінде: «Алғаштан өз гонорарыңды қойып алуың керек еді», «Шынында өнер адамдары ішінде ер адамдар қаршадай қызға жабылғандарыңыз ұят екен. Бір мықтының қызы болса тістеріңіз батпас еді. Бір өзін шырылдатып, өте ұят» деп сын айтқан. Осыған қатысты бүгін композитор өз парақшасынада жауап қайтты.

Қуат Әбіл жауап ретінде бастапқыда олар келісімге келгенін, Bayansulu өз еркімен қаламақы төлейтінін айтқандығын, бірақ ол орындалмағанын, сөз жүзінде 1 500 000 теңге қаражатқа келіскендігін айтқан.

Айта кетейік, Баянсұлу бұрын өзінің продюсері Әлішер Бурхановпен жұмысын тоқтатқанын хабарлаған. Ол «Ауа райы», «Сондайым бар енді», «Ұмытсам да» сынды әндері арқылы көпшілікке кеңінен танылған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.