Баян Алагөзова КешYOU концертіне қатысты Мөлдір Әуелбекованың шешіміне пікір білдірді
Ә
Танымал продюсер Баян Алагөзова әнші Мөлдір Әуелбекованың «КешYOU» тобының мерейтойлық концертіне қатысудан бас тартуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ait Media.
Әуелбекова Instagram парақшасында бұл концертке қатыспайтынын айтып, бұл шешімін шығармашылық өміріндегі бір кезеңді жабу ретінде қабылдайтынын жеткізді.
Кешьюдің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын.
«Кешьюдің концертіне қатыспау туралы шешім қабылдадым. Менсіз-ақ, алтын құраммен керемет кеш өтетініне сенімдімін. Осылайша, өнер жолымдағы үлкен бір кезеңнің бетін өзім үшін жабамын.
Дегенмен, осы 22 жыл ішінде мен Мөлдір Әуелбекова деген атты қалыптастырып, түрлі кезеңдерден өттім: сахнада да, әртүрлі лауазымдарда да қызмет атқарып, бизнеспен айналысып, кей сәттерде өнерден алыстап, кейін қайта оралуға да үлгердім», – деп жазды әнші.
Ол кештің «алтын құраммен» жоғары деңгейде өтетініне сенім білдіріп, өз тыңдармандарына алғыс айтты. Сонымен қатар, әнші 22 жылдық шығармашылық жолына есеп беру ретінде жеке концерт өткізетінін хабарлады:
«Менің өнер жолымның қалыптасуына үлес қосқан барша ұжымдарға, әріптестерге, жанымнан табылған адамдарға және ең әуелі өзімнің адал көрерменіме, халқымa алғысым шексіз.
Биыл өнерде жүргеніме 22 жыл, бұл аз да көп те емес, сол үшін бір есеп беру концертін беру менің міндетім. Сол үшін де концертімде жолыққанша менің тыңдарманым.
Қисынсыз шоу емес, талғам мен сапаға құрылған өнер кешінде кездесейік», – деп қосты Мөлдір Әуелбекова.
Ал продюсер Алагөзова бұл шешімге наразы екенін жасырмады. Оның айтуынша, әнші концертке қатыспау туралы шешімді біржақты қабылдаған.
«Мен саған және мен сен үшін жасаған барлық нәрсеге осылай қарауға енді жол бермеймін! Мүмкін, оның шын мәнінде қандай адам екенін айту уақыты келген шығар», – деп жазды продюсер әлеуметтік желідегі стористерінде.

Сондай-ақ, Алагөзова «КешYOU» тобы туралы фильмнің үшінші бөлімін шығаруы мүмкін екенін де меңзеді.