Басында шын оқиға деп ойлап қалдым: «Бір түп алма ағаш» спектаклінен үзінді көрермендердің көзіне жас әкелді
Қарағанды мен Жезқазған қалаларында өткен Дунaй Еспаевтың тәуелсіз «DAT» театрының премьерасы — Ә. Оразбековтың «Бір түп алма ағаш» пьесасынан үзінді көрермендерді терең сезімге бөледі, деп хабарлайды Ait Media.
Спектакльдің бір үзіндісінде кейіпкер өзінің ауыр тағдырын бөлісіп, әсерлі сөздерді кейіпке ене отырып айтты:
«Менің мүгедек болғандығым, менің жар сүйіп, отбасы құра алмауым жаныңа бататын шығар. Қайтейін енді, тағдыр солай!» — деді актер сахнада.
Көрермендер әлеуметтік желілерде қойылымның шынайылығын жоғары бағалап, «Бастапқыда шын оқиға деп ойладым», «Денемнің тітіркенгенін-ай… Бұл рөлді ол тек ойнап қоймай, сезінеді», «Жылап қойдым, керемет шықты!» деген пікірлер қалдырған.
Пікір қалдырушылар актердің шеберлігін ерекше атап, өз тілектерін «Керемет! Оскар!», «Еңбегіңнің жеңісін көр!», «Талант!» деген пікірлер арқылы білдірді.
Театр ұжымы сахнада кейіпкерлердің тағдырын шынайы жеткізе отырып, көрерменге терең эмоция сыйлады. Мұндай қойылымдар жастарды театрға тартуға, жан тыныштығын табуға және өмірдің әр сәтін бағалауға шабыт береді.