AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 8.07
485.55
EUR 7.55
563.38
RUB 0.16
6.81
CNY 1.25
71.62

Балабақша түлектерінің ерекше кортежі әлеуметтік желіде қызу талқы тудырды

Дизайн без названия (10)
Фото: instagram.com/didar_zhumali

Астанадағы «Нұрсұлтан» балабақшасының түлектерін шығару рәсімі әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Ait Media. Іс-шара барысында балаларға арналған сәнді кортеж ұйымдастырылып, олар жол бойымен люкс көліктермен — соның ішінде Гелендваген және Lexus автокөліктерімен жүріп өткен.

Контент продюсердің айтуынша, мерекелік күн 2020 жылда туылған балалардың балабақшамен қоштасуына арналған ерекше форматта басталған. Алайда жолда оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, айыппұл туралы хабарлама келген сәт те видеода көрсетіледі.

Мерекелік бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрған. Алдымен балалар біркелкі стильде киінген фотосессияға қатысқан: қыздар көгілдір жылтыр көйлектерде, ұлдар ақ шалбар мен көгілдір пиджакта болды. Сонымен қатар тәрбиешілер мен педагогтар да арнайы дресс-кодты сақтаған.

Одан кейін іс-шара "Sulu Tau Resort" аумағында жалғасты. Онда балаларды аниматорлар ерекше форматта қарсы алып, ата-аналар үшін де ақ түсті дресс-код енгізілген. Балалар вальс билеп, ән айтып өнер көрсетті.

Рәсім барысында әр балаға есімі жазылған гелий шарлары беріліп, олар аспанға ұшыру арқылы тілек білдірді. Сонымен қатар түлектерге мектепке арналған «Әліппе» кітаптары сыйға тартылды және арнайы лента тағылды.

Бағдарлама соңында ата-аналар мен балалар түрлі ойындарға қатысып, жүлделер ұтып алды. Тәрбиешілер торт кесу рәсімін өткізіп, кеш салютпен аяқталды.

Алайда бұл шара әлеуметтік желіде екіұшты пікір тудырды. Бір бөлігі ұйымдастырушыларды ерекше әрі есте қаларлық кеш өткізгені үшін қолдаса, кей қолданушылар мұндай деңгейдегі шығынды артық және қажетсіз деп сынға алды. Кей пікірлерде балабақша түлектеріне арналған мұндай салтанаттың шамадан тыс сән-салтанатқа айналғаны айтылған.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.