AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 4.19
493.15
EUR 4.68
574.17
RUB 0.04
6.77
CNY 0.65
72.93

Астанада автобусты өрттен сөндірген әйелдің әрекеті желіде кең тарады

Screenshot 2026-06-03 121419
Фото: Freepik

Әлеуметтік желілерде Астанада жанып жатқан автобусты бір әйелдің сөндіріп жатқан сәті түсірілген видео кеңінен таралып, қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды Ait Media.

Кадрларда автобус өртене бастаған кезде әйелдің оқиғаға бейжай қарамай, бірден көмекке кіріскені көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ол өртті видеоға түсірумен айналыспай, дереу әрекет етіп, жанып жатқан көлікті сөндіруге тырысқан.

Видео авторы Dani Kaparov жариялаған жазбасында әйелдің әрекетін “батыл қадам” деп атап, оқырмандарды оны қолдап, пікір қалдыруға шақырған.

Оқиғадан кейін желі қолданушылары әйелдің жеке басын анықтауға тырысып, пікірлерде түрлі мәліметтер бөліскен. Кейін тараған ақпаратқа сәйкес, автобусты сөндірген әйелдің есімі — Әлия екені айтылуда.

Желіде сонымен қатар әйелдің қызы екені айтылған қолданушы пікір қалдырып, видеодағы кейіпкердің өз анасы екенін растаған. Пікірде “Бұл — менің анам Әлия” деп жазылған.

Аталған оқиға әлеуметтік желіде кең талқыланып, пайдаланушылар әйелдің әрекетін ерлік ретінде бағалап, алғыс білдіруде.

Оқиғаның нақты мән-жайы мен ресми деректер тиісті органдар тарапынан нақтылануы мүмкін.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.