Әскерден оралған Ернұр: желідегі бейне жүректерді елжіретті
Бүгін, 30 наурызда, Instagram желісінде әскерден келген Ернұр анасына асыға жүгіріп келе жатқан қысқа видео көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Ait Media.
Бейнеде Ернұр Рамазанов қолына гүл ұстап, анасының құшағына жүгіргені байқалады. Анасы да ұлын көріп, қуанышын жасырмады – бетінен сүйіп, ұзақ құшақтасып, сағынышын баса алмады. Көрініс шынайы эмоцияларға толы.
Жақындары да қуанышқа бөленіп, шашу шашты.
Видео авторы Сафия Сериковна сипаттамада былай деген:
«Бүгін қуанышты күн, анашымның бауыры Құрманбек нағашыммен Ляззат жеңешемнің тұңғыш ұлы Ернұр әскерден Отан алдындағы борышын өтеп аман-есен келіп қауышып жатыр. Ана мен бала қауышты. Барлық сарбаздар осылай аман есен үйге оралсын. Барлық анаға осылай перзенттерімен қауышу нәсіп етсін».
Желі қолданушылары видеоға жылы пікірлер жазып, сарбаздың аман-есен оралумен құттықтады, аналар мен перзенттердің қауышуының мәнін жоғары бағалады:
«Барлық сарбаз аман есен үйге оралсын!»
«Қандай қуанышты сәт!»
«Аман есен келуімен, біз де баламызды күтіп отырмыз»
»80 күннен кейін бұйырса менде осылай күтіп аламын балапанымды»
Көпшілік видеоға риза болып, әскерден оралған сарбаздарды осындай қуанышпен қарсы алуды тіледі.