AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

«Әне отыр ғой!» — Төреғали Төреәлінің жанкүйері желіні тәнті етті

Screenshot 2026-04-24 111742
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Атырауда Төреғали Төреәлі концертінен кейін оны іздеп, көліктің ішінен танып қойған шынайы жанкүйер қыздың әсерлі видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Ait Media.

Әншінің жанкүйері оның командасы отырған көлікке жақындап, «Төреғали қайда?» деп сұрайды. Көліктегі ер адам «ол жоқ, асықпай келеді» деп жауап береді. Бұған сенбеген қыз «жоооқ, неге?» деп ренжіп, «өтірік айтасыз» деп күмәндана бастайды.

Сәлден соң ол көлікті айналып қарап, ішіне үңіліп, артқы орындықта отырған әншіні байқап қалады. Қуаныштан дауысы шығып, «Әне отыр ғой! Әне отыр! Өтірікші!» деп айқайлайды.

Көлік сол сәтте қозғала бастағанымен, қыз жүгіріп барып, терезе жақтан: «Төреғали, терезе ашыңызшы, пожалуйста» деп өтінеді. Әнші өтінішін жерге тастамай, терезені ашып, қуаныштан жағымды эмоцияларға беріліп жатқан жанкүйеріне жылы жымиып, «иии, жаным сол» деп жауап береді.

Қуаныштан бал-бұл жанған қыз «біліп қалдым ғой, сізді тығып тұр ғой» деп әзілдеп, әншінің жағдайын сұрайды. Екеуі қысқаша тілдесіп, қол алысып қоштасады. Осы сәттен кейін көлік жүріп кетеді.

Желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқылап, жанкүйердің шынайы эмоциясына тәнті болды. Комменттерде олар «Келесіде ол сені іздесін, Әсел қайда келмей қалды ма деп», «Сенімен бірге қуанып езуімді жия алмай отырмын», «Бізде мәз боп қалдық қой», «Мына дауысты будильникке қою керек екен» деп жазып, әзіл мен жылулыққа толы реакциялармен жарыса бөліскен. Көпшілік жанкүйердің эмоциясын «адал фанат», «осындай фанаттар болады екен» деп ерекше атап өтті.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.