USD 0.00
489.33
EUR 0.00
566.30
RUB 0.00
6.74
CNY 0.00
72.36

Алматыда концерт берген әлемдік хиттердің орындаушысы Оливер Три қайтыс болды

b6e0a2dfa8b3ffb1b990d7276bd992f8
Фото: Astrida Valigorsky/Getty Images

Америкалық әнші әрі музыкант Оливер Три Бразилияда болған тікұшақ апатынан қаза тапты, деп хабарлайды Ait Media. Өнер иесі 32 жаста болған.

Шетелдік БАҚ-тың хабарлауынша, 14 маусым күні Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақ әуеде соқтығысып, апат салдарынан борттағы алты адамның барлығы көз жұмған. Қаза тапқандардың арасында әлемге танымал америкалық әнші Оливер Три де болған. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

Оливер Три «Life Goes On», «Miss You», «When I'm Down» секілді хит әндері арқылы кеңінен танылды. Оның шығармалары TikTok пен басқа да әлеуметтік желілерде миллиардтаған қаралым жинаған.

Әнші Калифорния штатының Санта-Круз қаласында дүниеге келген. Музыкалық мансабын электронды музыка мен ска-панк жанрынан бастап, кейін поп, альтернативті рок және хип-хоп бағытында табысқа жетті. Оның Ugly Is Beautiful (2020), Cowboy Tears (2022) және Alone in a Crowd (2023) атты студиялық альбомдары тыңдармандар арасында үлкен сұранысқа ие болды.

Оливер Три ерекше сахналық образымен, әзілге толы қойылымдарымен және өзіндік стилімен есте қалды. Spotify платформасында әншінің ай сайынғы тыңдармандарының саны 11 миллионнан асқан.

Айта кетейік, музыкант 2024 жылы Алматыда өткен Park Live фестивалінде өнер көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерімен кездескен еді. Әнші концерт барысында Қазақстан туын көтеріп, көпшіліктің ықыласына бөленген болатын.

Поделиться