Алматы зоопаркіндегі арыстан туралы видео желіде қызу талқылануда
Әлеуметтік желіде Алматы зоопаркіндегі арыстанға қатысты бейне таралып, көпшіліктің алаңдаушылығын тудырды, деп хабарлайды Ait Media.
Threads желісінде жарияланған жазбада автор видеоны TikTok-тан жүктеп алғанын және оның авторы емес екенін атап өткен. Соған қарамастан, кадрлар желі қолданушыларының қатты реакциясын тудырды.
Видеода әйнектің ар жағында тұрған арыстанның әлсіз күйі байқалады: ол аузын қайта-қайта ашып, алдыңғы аяқтарымен қозғалып, мазасыз күйде көрінеді. Видеоға "Алматы зоопарк, қарны аш, шөлдеп тұрған сияқты. Іште қыпырық болды, торда одан бетер шығар" деген мәтін қабаттасып жазылған.
Жазбада жануардың жағдайы сынға алынып, оның арық әрі күйзелісте екені айтылған. Автор зоопарктегі жануарлардың жағдайына жауапкершілікпен қарау керектігін көтеріп, Алматы қаласының әкімдігі парақшасын белгілеген.
Пікірлерде желі қолданушылары да алаңдаушылық білдірді:
«Байғұс арыстан… Ол ақылынан адасып бара жатқан сияқты»
«Қарау өте ауыр, қатты аянышты. Арыстанда стресс бар екендігі анық»
«Мұны көру мүмкін емес»
«Зоопарк – жануарлар үшін өмір бойғы түрме сияқты. Цирк сияқты орындардан кейін де көңіл құлазиды»
«Жануарларға осындай қатынас не деген сұмдық! Олар да біз сияқты тірі жан. Шара қолданыңыздар!»
Бұл видео қоғамда жануарларға деген қарым-қатынас, зоопарктердегі жағдай және жауапкершілік мәселесін қайта көтерді.
Посмотреть в Threads