USD 0.08
447.88
EUR 0.18
516.58
RUB 0.01
5.29
CNY 0.02
66.73
Жаңалықтар

Әлеуметтік желідегі фейк тарихи деректерге жедел жауап беру тетігі құрылмақ

photo_2026-09-16 14.04.04
Фото: @quryltairesmi

Әлеуметтік желілерде Қазақстан тарихына қатысты бұрмаланған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін жедел әрекет ететін арнайы тетік қалыптастыру қажет. Бұл туралы Ait Media хабарлайды.

Бұл мәселені депутат Шолпан Қаринова Мәдениет және ақпарат министріне жолдаған депутаттық сауалында көтерді. Депутаттың айтуынша, бүгінде жастардың тарихи санасы негізінен TikTok, Instagram және YouTube сияқты цифрлық платформалар арқылы қалыптасады. Осыған байланысты күмәнді әрі жалған деректерге дер кезінде кәсіби жауап беріп, қоғамға нақты ғылыми мағлұмат ұсынатын жүйенің маңызы артып отыр.

Қаринова ұлттық тарихи сананы мемлекеттік ақпараттық саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындауды және тарихи жадты дәріптейтін заманауи медиа-жобаларды қолдауды ұсынды. Сонымен қатар, депутат Қазақстан тарихын әлеуметтік желі қолданушыларына түсінікті де тартымды форматта насихаттайтын бастамаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Поделиться