AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 6.69
473.13
EUR 5.82
554.08
RUB 0.02
6.13
CNY 0.86
69.29

Ақтауда 10 мың орындық жаңа стадион салынады

уефа
Фото: Facebook: Айдос Хамиев

Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының жетекшісі Айдос Хамиев Facebook парақшасында Ақтауда жаңа стадион жобасының UEFA өкілдерімен мақұлданғанын жариялады, деп хабарлайды Ait Media.

Жаңа стадион Самал шағын ауданында, теңіз жағалауында орналасатын болады. Бұл нысан қаланың сәулеттік келбетін айшықтап қана қоймай, туристік тартымдылығын арттыратын бірегей орынға айналмақ. Құрылыс басқармасының жетекшісінің сөзіне сәйкес, стадион халықаралық заманауи талаптарға сай болмақ:

Жоба аясында 10 000 орындық стадион салу тиімді шешім ретінде айқындалды. Негізгі мақсат — стадионның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, әр матчта жанкүйерлерге толы атмосфера қалыптастыру және халықаралық заманауи талаптарға толық сәйкес келу.
2026 жылғы 10 наурызда жоба UEFA өкілдерімен толық келісілді. Бұл болашақта Ақтауда UEFA Category 4 талаптарына сай ресми халықаралық матчтарды өткізуге мүмкіндік береді.

Стадион кешеніне заманауи футбол академиясы да кіреді. Академия Маңғыстау жастарын кәсіби деңгейде дайындауға бағытталған және өңірдегі спорт инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін болады.

Қазіргі таңда жоба құжаттары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің қарауына ресми түрде енгізілген. Жоспар бойынша, жобалау кезеңі аяқталғаннан кейін 2026 жылдың соңына қарай құрылыс жұмыстарының басталу және аяқталу мерзімдері нақтыланатын болады.

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.