Ақмола мен Қарағанды облыстарында бірқатар автожолдар жабылды
КазАвтоЖол ҰК деректеріне сәйкес, ауа райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің республикалық маңызы бар бірнеше автожол учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды.
Атап айтқанда:
Ақмола облысында Жібек Жолы төлем қабылдау пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық;
Қарағанды облысында Ақмола облысының шекарасынан Теміртау төлем қабылдау пунктіне дейінгі жол жабық.
Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалысты 2026 жылғы 16 сәуір сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Ауа райының нашарлауына (боран, көктайғақ, қатты жел) байланысты Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.
Ведомство азаматтарға дауыл туралы ескертулерді тұрақты қадағалап, жолдардың жабылуы жөніндегі ресми ақпаратты ескеруге кеңес береді. Сондай-ақ алыс қашықтыққа сапарлардан, әсіресе түнгі уақытта, бас тарту ұсынылады.
Құтқарушылар тұрғындарды сақ болуға және ауа райы тұрақталғанша жолға шықпауға шақырады.