USD 2.40
439.37
EUR 3.78
498.60
RUB 0.01
5.22
CNY 0.28
65.55

АИИБ қаржысы: Қазақстанда қандай жобалар іске асырылады

pexels-ehaan-dewa-2149036462-32358141
Фото: Pexels

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы келісімнің ел экономикасына әсері туралы айтты, деп хабарлайды AIT Media.

Министрдің айтуынша, келісім Қазақстанға ұзақ мерзімді қаржы ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл қаржыландыру көздерін әртараптандырып, бюджетке түсетін жүктемені оңтайландыруға және ірі жобаларды іске асыру мерзімдерін қысқартуға бағытталған.

Келісім күшіне енгеннен кейін «Жезқазған–Қарағанды», «Ақтөбе–Қарабұтақ–Ұлғайсын», «Атырау–Доссор» және «Мойынты–Қызылжар» бағыттарындағы автомобиль және теміржол жобаларын іске асыру бойынша жұмыс басталады.

Сонымен қатар халықаралық стандарттарды қолдану жобалардың ашықтығы мен сапасына қойылатын талаптарды күшейтеді.

Қазақстан — АИИБ-тің негізін қалаушы елдерінің бірі. Тараптар 2016 жылдан бері ынтымақтастық жасап келеді. Осы уақыт ішінде энергетика, экономикалық және фискалдық тұрақтылық бағыттарында 7 жоба іске асырылған.

Поделиться