USD 2.40
439.37
EUR 3.78
498.60
RUB 0.01
5.22
CNY 0.28
65.55

25 жыл өтсе де, Будапешт конвенциясы өзекті

photo_2026-09-30 15.51.57
Фото: @quryltairesmi

2001 жылы қабылданған Будапешт конвенциясы арада 25 жыл өтсе де, киберқылмыспен күресте өзектілігін сақтап отыр. Бұл туралы Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды AIT Media.

Оның айтуынша, құжат нақты бір технологияға емес, компьютерлік жүйелер мен деректерге қатысты жалпы құқықтық нормаларға негізделген. Конвенция заңсыз қолжетімділік, деректерді өзгерту және электрондық дәлелдемелерді сақтау мәселелерін қамтиды.

Сондай-ақ құжат әр елде жасалған трансұлттық киберқылмыстарды тергеу кезінде мемлекеттердің өзара ынтымақтастығына құқықтық негіз қалыптастырады.

Бүгінде Будапешт конвенциясына 80-нен астам мемлекет қосылған. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Түркия, Әзербайжан, Украина және Грузия бар.

Поделиться