150 млн долларлық жоба: Жаңатастағы жел электр станциясы
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жаңатас қаласындағы жел электр станциясының жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды AIT Media.
Қуаты 100 МВт болатын станция - Қазақстандағы алғашқы жеке инвестициялық жобалардың бірі. Жобаға 150 млн доллар көлемінде несие қарастырылып, жалпы инвестиция көлемі 146 млн долларды құраған.
Станцияда 40 жел турбинасы орнатылған. Олар жылына шамамен 350 млн кВт·сағ электр энергиясын өндіруге қабілетті. Бұл жоба Орта Азиядағы ірі жасыл энергетика нысандарының бірі саналады.
Бүгінде станцияда 30 адам жұмыс істейді. Оның 27-сі - Қазақстан азаматтары.
Жоба заманауи жел қондырғылары арқылы жаңартылатын энергия өндіруге бағытталған. Жаңатастағы станция жел қуатын электр энергиясына айналдырып, еліміздің жасыл энергетика әлеуетін арттыруға үлес қосып отыр.