AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннеры, спецпроекты и нативная реклама на заметных позициях сайта.

USD 0.16
471.77
EUR 1.18
547.25
RUB 0.01
6.60
CNY 0.00
69.35

100 мың теңге және тосынсый: 15 студент қыз топтағы жалғыз жігітке ерекше сый жасады

pexels-faye-fan-1866723-9661912
Фото: Pexels

Алматыда 15 студент қыз топтағы жалғыз жігітті 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен ерекше форматта құттықтады, деп хабарлайды Ait Media. Олар оған 100 мың теңге көлемінде сыйлық жасап, жаңа жейде мен шалбар тарту етті.

Бұл тосынсый әлеуметтік желіде кең тараған видеодан белгілі болды. Қыздар сыйлықты шығармашылық түрде ұсынған: 100 мың теңгелік сертификатты басып шығарып, рамкаға салып табыстаған. Кейін қаражатты банк арқылы аударып, смартфон экранында аударымның дәлелін көрсеткен.

Айтуларынша, бұл – Мағжанның 8 наурызда оларға жасаған сый-сияпатына алғыс ретінде ұйымдастырылған ерекше құттықтау.

Желі қолданушылары видеоны жылы қабылдап, 520 мыңнан астам қаралым жинаған ролик қызу талқылануда. Пікір қалдырушылардың бір бөлігі мұндай бастаманы қолдап, қыздардың ерекше көңіл бөлгенін жазса, енді біреулері өздерін Мағжанның орнында болғысы келетінін әзілмен жеткізген.

@ko_25_8grr Инстаграмда хит болдық,енді тик токта өтеме екен?🧐😮‍💨 #7май #09 #подарок #fyp #группа ♬ оригинальный звук - KO.25.8k

Поделиться

AIT Media

Разместите рекламу на AIT Media

Баннерная реклама и спецпроекты для брендов и компаний.